Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Құрметті сайтты пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410- V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылдың 26 желтоқсаны бекіткен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес басым бағыттардың бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлық түрлерінің әртүрлі көріністеріне қарсы күрес және алдын алу болып табылады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны орындау мақсатында Ана мен бала орталығында қызметкерлер мен пациенттерді сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау деңгейін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Ана мен бала орталығында сыбайлас жемқорлыққ көріністеріне жол бермеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды, аталған топ үнемі қызмет етеді, сыбайлас жемқорлық түрлерінің әртүрлі көріністеріне жол бермеу, оған қарсы күресу және оның алдын алу бойынша тоқсан сайын мониторинг жүргізеді, Орталық қызметкерлері тарапынан лауазымдық құқықбұзушылықтардың, сыбайлас жемқорлық және заңсыз әрекеттерінің алдын алу және жол бермеу, лауазымдық құқықбұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алу бойынша Ана мен бала орталығы қызметкерлерінің қызметін үйлестіру жұмысын ұйымдастырады. Орталық қызметкерлері жүйелі түрде әкімшілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзгерістерімен таныстырылады, бұл тақырыпқа дәрістер және семинарлар өткізіледі. Сондай-ақ, қызметкерлердің еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын тиісті орындауына бақылау жүргізу мақсатымен Ана мен бала орталығы ғимаратында бейнебақылау камералары қызмет етеді, пациенттер үшін барлық көрінетін жерлерге көрсетілетін медициналық қызмет туралы әрекеттегі заңнама туралы ақпарат ілінді, шағымдар мен ұсыныстар жәшігі орнатылған, сенім телефоны қызмет етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік деңгейдегі тиімділігі әрбір мемлекеттік органның осындай жұмысы сапасына, бұл жұмыс жолында үнемі іздену мен жаңа әдістер қолдануға тікелей байланысты болады.

Құрметті оқырмандар, егер Сіздер Ана мен бала орталығы қызметкерлерінің тарапынан заңсыз әрекеттерді (әрекеттсіздікті) байқайтын болсаңыз, Ана мен бала орталығының сенім телефонына 8-7232-75-54-02 қоңырау шалуыңызды немесе «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК директорының блогына жүгінуіңізді сұраймыз.