Балалардың жоғарғы тыныс алу жолдары мен риногенді асқынуларының алдын алу

Жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы аурулары – жоғарғы тыныс алу жүйесіне әсер ететін респираторлық патологиялардың жиынтығы.

Жоғарғы тыныс жолдарының анатомиялық құрамына сыртқы мұрын, мұрын қуысы және қосалқы синустар, жұтқыншақ, көмей, трахея кіреді .

Статистика деректері бойынша, қазіргі уақытта тыныс алу органдарының патологиясы кезіндегі жалпы сырқаттанушылық бірінші орында (бірқатар жағдайларда – екінші орында). Тыныс алу жүйесінің патологиясы, ДДҰ мәліметтері бойынша, Жер тұрғындары өлімінің негізгі себептерінің ондығына кірді.

Жедел респираторлы вирустық инфекциялар көп жағдайда ЛОР мүшелерінің қабыну аурулары кезінде дамитын патологиялық өзгерістер тізбегінің бастапқы буыны болып табылады, қабыну процесінің ауыр өтуіне, жергілікті, шеткері және жалпы асқынулардың дамуына ықпал етеді.

Бас оториноларинголог мамандардың мәліметтері бойынша, жалпы ЛОР-патология құрылымында жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну аурулары 44,6 % құрайды, оның ішінде риносинуситтер – 32,2 %, жұтқыншақ және көмей аурулары-12,4%.

Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларына келесі аурулар кіреді:

Ринит немесе мұрыннан су ағу – мұрын мен синустың шырышты қабығына әсер етеді.

Синусит – мұрын жолдары мен синустарының шырышты қабығына әсер етеді (гоймориалды, жақ, маңдай, торлы, үстіңгі жақ және сына тәрізді синустар).

  • Назофарингит – мұрынның шырышты қабығын, мұрын жұтқыншағы, көмейдің жоғарғы бөлігі, сондай-ақ таңдай тілшігі, доғалар мен бадамша бездеріне жұғады.

Фарингит – қабыну процесі жұтқыншақтың шырышты қабығына тарайды.

Эпиглотит – көмейдің жоғарғы шырышты қабатының қабыну процесі.

Ларингит – көмейдің шырышты қабығының қабынуы.

Ларинготрахеит – көмейдің шырышты қабатының, сондай-ақ дауыс желбезегі мен трахеяның гиперемиясы.

Трахеит – трахея мен дауыс желбезегі шырышты қабатының инфекциясы мен қабыну процесі

Профилактика

Аурулардың жоғарыдағы тізімін елемеуге тек профилактика көмектеседі.

Әр адамның денсаулығы профилактикалық процедураларға байланысты. «Тәні саудың – жаны сау» – бұл ақиқат, ал ол үшін келесі тармақтарды сақтау қажет:

  • жеке бас гигиенасы: тұрақты су процедуралары, тіс тазалау, таза төсек-орын және таза киім;
  • таза және желдетілген тұрғын үй: аптасына екі рет пәтерді сулап жуу, жуынатын бөлмені, дәретхана бөлмесін дезинфекциялау және үй-жайларды жасанды желдету;
  • тыныс алу жаттығуларын қосып ертеңгілік гимнастика жасау;
  • ертеңгісін таза ауада жүгіру, балалардың таза ауада жиі серуендеуі;
  • ағзаны шынықтыру: жүзу, жыл бойы суық сумен шайыну және қыста қармен ысқылау;
  • тынығу мен жұмыс режимдерін сақтау;
  • толыққанды және бөлшектеп тамақтану: балғын жемістер мен көкөністерді, ет және балық тағамдарын пайдалану;
  • аллергиялық реакциялар тудыратын тағамдарды рационнан шығару;
  • дәруменді терапия: дәруменді коктейльдер, мультивитаминдер;
  • жылдың суық мезгілінде иммуномодуляторларды (иммунитетті арттыратын препараттар) қолдану;
  • ЖРВИ-дің алғашқы белгілерінде тез әрекет ету, аурудың асқынуына мүмкіндік бермеңіз, яғни созылмалы түрге айналуына.

Риногенді асқынулар

Медицинадағы профилактикалық бағытының жетілдірілуіне, мұрын тұсындағы қуыстардың қабыну ауруларын диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістемелерін тәжірибеге енгізуге қарамастан, бала жастағы риногенді асқынулар әлі де жоғары деңгейде қалып отыр .

Орбитальды және бассүйекішілік риногендік асқынулар бөлінеді

Ең жиі кездесетін орбитальды асқыну – қабақтың реактивті ісінуі, көз ұясының талшықты диффузді іріңсіз қабынуы, субпериостальды абсцесс, ретробульбарлы абсцесс, орбита флегмоны, орбиталық венаның тромбозы.

Себептері:

* мұрын тұсындағы қуыстардың бас сүйек қуысы мен орбитамен тығыз анатомиялық байланысы;

* респираторлық вирустық инфекциялар, ингаляциялық аллергендер санының артуы;

* балалардағы жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының резервтік мүмкіндіктерінің төмендеуі;

* антибиотиктерді көп әрі ұтымсыз қолдану нәтижесінде оларға микрофлораның төзімділігінің артуы;

Мұрын тұсы қуыстарының қабыну ауруларының асқынуы оториноларингологиялық тәжірибеде маңызды тақырып болып табылады. Оториноларингологияның, нейрохирургияның және офтальмологияның маңызды және күрделі мәселелерінің бірі болып табылатын, ауырлығына, диагноз қою, емдеу қиындықтарына және өлімнің әлі де жоғарылығына байланысты орбитальды және бассүйекішілік асқынуларды бөліп көрсету қажет.

Асқынулар профилактикасы дегеніміз:

 • антибиотиктерді көп әрі ұтымсыз қолдану нәтижесінде оларға микрофлораның төзімділігінің артуы;

·         Мұрын тұсындағы созылмалы синусит, ринит және абсцесстерін толықтай емдеу;

·         жақ-бет жарақаттарының, бас сүйек негізінің сынуын болдырмау;

·         жалпы суық тигізу;

·         иммун тапшылығы жағдайларын түзету.

·         септопластика, аденотомия, тонзиллэктомиябелгілері бойынша мұрынмен тыныс алуын түзету.

·         Мұрын қуысы аурулары белгілерін дұрыс түсіндіру, жағдайдың ауырлығын бағалау, диагностикалық эндоскопия және тиісті емдеу – баланың сауығуының КЕПІЛІ.

 

«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК оториноларинголог дәрігері

Роза Серикполовна Мажитаева

+77053339259