Иммунопрофилактика

Иммунопрофилактика – індеттердің немесе инфекциялық аурулардың өршуінің алдын алудың және оларды толық бақылаудың жалғыз сенімді тәсілі. Ол – инфекциялық аурулардың қоздырғыштарына қарсы тұруды қамтамасыз ететін белсенді иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.

Өзіндік және өзіндік емес иммунопрофилактика бар.

Өзіндік емес иммунопрофилактика салауатты өмір салтын сақтауды қамтиды, оған:

* сапалы толыққанды тамақтану;

* сау ұйқы;

* еңбек және тынығу режимін сақтау;

* күндізгі белсенділік;

* жаман әдеттердің жоқтығы;

* жайлы психоэмоционалды жағдай жатады.

Өзіндік иммунопрофилактика нақты бір патогенге қарсы иммунитет қалыптастыру немесе күшейту үшін қолданылады.

Белсенді иммунопрофилактика – вакцина енгізу арқылы жасанды белсенді иммунитет қалыптастыру. Ағзаның қоздырғышпен жанасуына дейін инфекциялық аурулардың алдын алу үшін қолданылады. Инкубациялық кезеңі ұзақ инфекцияларда қолданылады.

Пассивті иммунопрофилактика – иммундық сарысуларды, сарысулық препараттарды немесе плазманы енгізу жолымен жасанды пассивті иммунитет қалыптастыру. Инфекциялық аурулардың жедел профилактикасында қолданылады

Белсенді иммунопрофилактика құрамында микроорганизмдердің антигендері бар және егілген адам ағзасында иммундық реакцияның дамуын тудыратын вакциналарды қолдануды қамтиды.

Вакцина – ағзада белгілі бір антигенге иммунитеттің пайда болуын қамтамасыз ететін биологиялық тектес медициналық препарат. Вакцинада әдетте ауру тудыратын микроорганизмге ұқсайтын агент болады және ол көбінесе микробтың әлсіреген немесе өлтірілген түрлерінен немесе оның беткі ақуыздарының бірінен жасалады. Микроорганизмдер шығаратын токсиндерден жасалған препараттар анатоксин (вакцина емес) деп аталады.

Вакциналарға келесі талаптар қойылады:

1. Иммуногенділік – вакцина тұрақты өзіндік иммунитеттің қалыптасуын ынталандыруы тиіс.

2. Иммунитеттің ұзақтығы – ауруға қарсы тұру сақталатын уақыт.

3. Ареактогендік – ең төменгі сезімталдық тудыру (аллергиялық реакциялардың пайда болуына әкелетін) әсер.

4. Тұрақтылық – вакцинаны тасымалдау, сақтау және қолдану кезінде иммуногендік қасиеттерді сақтау.

5. Ассоциациялану – бір вакцинаның құрамында бірнеше антигендерді құрамдастыру және қолдану мүмкіндігі

6. Стандартталу – оңай дозаланып, халықаралық стандарттарға сай келуі керек.

7. Экономикалық тиімділік – вакцина өндірісі құнының төмендігі, жабдықтар мен қолдануға қойылатын минималды талаптар.

Қазақстан Республикасында екпелер күнтізбесі бар, оған сәйкес әрбір адам жоспарлы профилактикалық екпелерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен белгіленген мерзімде алуға не оларды жеке кесте бойынша алуға құқылы.

№612 қаулыда жоспарлы иммундау жүргізілетін аурулардың тізбесі регламенттелген, олардың барлығы – 11, оларға: вирустық «В» гепатиті, b типті гемофильді инфекция, дифтерия, көкжөтел, қызамық қызылшасы, пневмококкты инфекция, полиомиелит, сіреспе, туберкулез, эпидемиялық паротит жатады.

Осы вакциналардан басқа, құтыру, іш сүзегі, көктемгі-жазғы кене энцефалиті, оба, вирустық «А» гепатиті, грипп, күйдіргі және туляремия сияқты инфекцияларға қарсы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша иммундау жүргізіледі.

Қорытындылай келе, вакцинация жұқпалы аурулармен күресудің және оларды жоюдың ең қауіпсіз және тиімді әдісі екендігі туралы сөзсіз ғылыми консенсус бар екендігін қоса кету қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакциналар аутизм спектрлі бұзуларға әкелмейді деп мәлімдейді. «Бұл тұжырым өте көп адамдар тобында жүргізілген көптеген зерттеулердің нәтижелері бойынша жасалды», сондай-ақ «ауыр немесе ұзақ мерзімді жанама әсерлер өте сирек кездеседі». Вакцинаны енгізуге ағзаның ауыр жағымсыз реакциясына тап болу ықтималдығы миллионнан біреу», «вакциналар инъекция орнында субфебрильді температура және ауырсыну немесе қызару сияқты жеңіл жанама әсерлерді туғызуы мүмкін. Мұндай көріністер, әдетте, бірнеше күн ішінде өздігінен кетеді».

Covid-19 вакцинациясы жөнінде

Осы мақаланы жазу кезінде бүкіл әлемде COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізілуде, біздің елде вакцинация науқаны ресейлік Гам-КОВИД-Вак (Спутник-V) вакцинасынан басталады деген шешім қабылданды. Бұл вакцина таңдалған себебі векторлық вакциналарды жасау бұрыннан келе жатқан және уақытпен сыналған технология болып табылады, оның салыстырмалы түрдегі қарапайымдылығы мен арзан өндірісі, вакцинаны сақтау және пайдалану техникасы талаптарының төменіректігі, сонымен қатар логистикалық шығындар аз.

Препарат екі компоненттен тұрады: Ⅰ компонент және ІІ компонент. Ⅰ компонентінің құрамына SARS-CoV-2 вирусының S-ақуыз гені бар адам 26 серотип аденовирусына негізделген рекомбинантты аденовирустық вектор кіреді; ІІ компонентіне адамның 5 серотипті аденовирусына негізделген вектор кіреді, сонымен қатар SARS-CoV-2 вирусының S-ақуыз гені бар аденовирустың әртүрлі серотиптері таңдалды, өйткені егер белгілі бір серотиптің аденовирусына қарсы иммунитеті бар адамды вакцинациялайтын болса, онда иммундық жауап коронавирустық инфекциядан қорғаныс қалыптастыру үшін жеткіліксіз болады, әлсіз имммундық қарсы тұру қалыптаспас үшін құрамында басқа серотиптің аденовирусы бар вакцинаның екінші компонентін енгізеді. Толыққанды иммундық жауап V2-ден кейін 3 аптадан кейін (вакцинаның екінші компонентін енгізу), яғни мерзімі сақталса, вакцинация курсы басталған сәттен бастап 42-күні қалыптасады.

КВИ-ге қарсы вакцинацияға мыналар жатпайтынын есте ұстаған маңызды:

1. Вакцина компоненттеріне жеке төзімсіздігі бар адамдар (аллергиялық реакциялар).

2. КВИ-дің жіті және симптомсыз түрі бар адамдар.

3. жүкті әйелдер мен омырау емізетін әйелдер.

4. 18 жасқа толмаған адамдар.

КВИ қоса алғанда, инфекциялық аурумен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін егіледі. Созылмалы аурулары бар адамдар асқыну кезеңінде жағдайының қалыпқа келуін күтуі керек.

КВИ-дің кез келген түрімен ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 6 айдан соң және вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалауды ескеріп барып егу ұсынылады. КВИ-ға қарсы егуді алғаннан кейін сіз «eGov mobile» қосымшасының «цифрлық құжаттар» бөлімінен жүргізілген процедуралар туралы барлық ақпарат көрсетілген өзіңіздің екпе паспортыңызды ала аласыз.

Біздің орталықта вакцинацияның бірінші толқынында 270 медицина қызметкері, оның ішінде ұйым басшылары екпе алды. Бір айдан кейін барлық екпе алған қызметкерлердің жағдайы қанағаттанарлық. Вакцинациядан кейінгі алғашқы үш күнде температура көтерілуі жиі кездеседі, бұлшық еттерде ауырсыну пайда болады, мұрынның бітелуі, терінің ине салған аймағында қызару болады. Ағза екпеге шамадан тыс реакция бермес үшін терапевт нұсқауларын есте сақтап, оны сақтау маңызды. "The Lancet" журналының осы вакцинаға арналған мақаласында SARS-CoV-2-ге қарсы вакцинаның тиімділігі 91.6%-ға жетеді делінген, сонымен бірге кейбір адамдарда өзіндік антиденелердің жеткілікті деңгейі вакцинаның бірінші дозасынан кейін пайда болатыны көрсетілген.

Қазіргі уақытта вакцинация COVID-19-ға қарсы күрестің жалғыз тиімді әдісі болып табылады, ол пандемияны толығымен тоқтатып, адамзатты әдеттегі өмір салтына қайтара алады.

«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК эпидемиолог-иммунолог дәрігері И.М. Мещеряков