Балалар депресссиясы: кел, сөйлесейік

Қазақстан Республиксасы Президенті бекіткен 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 2016-20119жылдарға арналаған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатымен ҚР ДСМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру Ұлттық орталығы мен Республика психикалық денсаулық ғылыми тәжірибелік орталығының басшылығымен 2017 жылдың 7 сәуірі республика өңірінде Дүние жүзілік денсаулық күні өткізіледі.

Өз жұмысымның ерекшелігіне байланысты балалар депресссиясы мәселесіне назар аударғым келеді.

Соңғы кезде жасөспірімдер арасында өзіне қол жұмсау жағдайлары жиі кездесіп отыр. Өзін өлтірудің жиі байқалатын себептері, негізінен, депресссиялық көңіл-күйге байланысты болады. Мұндай көңіл-күй бір сағатта немесе бір күнде пайда болмайды. Депрессия – бұл психикалық бұзылу, оған жабырқаулық (ангедония немесе қуаныштан айырылу), ойлау қаблетінің бұзылуы және қимылдың тежелуі тән. Депресссиясның ұзақтығы жиі жағдайда 2 жылдан астам уақытты қамтиды, алайда, кейде аз мерзімде (2 аптадан 2 жылға дейін) созылады.

Балалар депресссиясының дамуына келесі факторлар ықпал етеді:

  1. Ерте мерзімдік неонаталды кезеңнің патологиясы: созылмалы жатырішілік ұрық гипоксиясы, баланың асфиксиямен тууы, жаңа туған нәрестенің энцефалопатиясы, жатырішілік инфекциялар. Бұлардың барлығы мидың зақымдануын тудырады.

  2. Отбасылық климат: толық емес отбасы, отбасындағы келіспеушіліктер, аналардың асыра қамқорлық жасауы ата-аналар тарапынан қамқорлықтың болмауы. Көбінесе толық емес отбасында балалар ата-анасына өзінің қиындықтары туралы айта алмайды. Мұндай отбасыларда балалар ішіне тұйықталып, барлық ауыртпалықты өз мойнына алады,кейде сол қиындықтарды көтере алмай жатады. Отбасында ұрыс-керіс жиі болып тұрса, балалар өзінің ата-анасына артық жүк артық жүк ретінде сезініп, оларға кедергі жасап жүргендей ойға келеді. Аналар тарапынан артық қамқорлық танытылған кезде балалар қоршаған ортаға және қоғамға бейімделе алмайды, ананың көмегінсіз өздерін мүлдем дәрменсіз сезінеді.

  3. Жасөспірімдік кезең – бұл өмірді сынау мерзімі. Жоғарыда көрсетілген мәселелерге қоса, ағзаның гормоналды және құрылымдық өзгерістері басталады. Гормондардың артық бөлінуіне байланысты балалар агрессияшыл бола түседі және олардың арасында ақыл айтқыш көшбасшылар пайда болады. Егер сен осы бейнеге сәкес болсаң, онда сен достар тобы қатарына, тіл табысу ортасына түсе алмайсың, яғни, қоғамдық өмірден тыс қалып қоясын. Осының барлығы баланы қоғамнан алыстатып, оның өзін өзі басқалардан өзгеше деп санауына соқтырады.

  4. Тұрғылықты үй-мекенін жиі ауыстыру. Баланың тіл табысу ортасы, достары болуы тиіс. Мекен-жайын жиі ауыстыратын баланың бос уақытын өткізетін, құпияларымен бөлісетін тұрақты достары болмайды.

  5. Оқудағы қиындықтар. Бүгінгі күнгі оқу үрдісіне оқу пәндері өте көп, баланың әрқайсысы мектеп жүктемесін алып кете алмайды. Оқудан артта қалып қалған балалар сыныптастарынан алшақтап қалғанын сезініп, психикалық тұрғыда өте сезімтал бола түседі.

  6. Компьютер мен ғаламтордың әсері. Технологиялар жетістіктері үлкен ғаламды бір арнаға біріктіріп, компьютердің мониторына дейін тарылтты, алайда, бұл жастардың қарым-қатынас құруына кері әсерін тигізеді. Балалардың қызығушылықтары күшейе түскеніне немесе кеше қанша жауды атып түсіргеніне ғана келіп саяды. Балалар жеке кездескенде ұяла бастайды, олар сөз таба алмай жатады, өйткені компьютер ойынында смайликтер арқылы тілдесу оңайырақ көрінеді. Тілдесудің жалғыз жолы чатта жазысу ғана.

Балалар депресссиясы жіті немесе созылмалы күйзелу (жақындарының науқастығы немесе өлімі, отбасының бөлінуі, жақындарымен жанжалдасу, өз құрбыларымен келіспеушіліктер және т.б.) салдарынан туындауы мүмкін, алайда, кейде еш себепсіз қалыпты жағдайда да пайда болады, бұл негізінен мида туындайтын биохимиялық үрдістерге байланысты. Депресссиялар арасында маусымдық депресссиялар болады, олардың туындауы ағзаның климат жағдайларына аса сезімтал болуына байланысты болады (әсіресе гипоксиясы болған балаларда, туған кезде әртүрлі жарақат алған балаларда болады).

Депресссияны түсіңкі көңіл-күймен шатыстырып алмас үшін балалар депресссиясы симптомдарын білу қажет:

Көп жағдайда депресссияға жасөспірім жастағы балалар шалдығады Оның ішінде ерте (12-13 жас), орта (13-16жас) және (16 жастан жоғары) деп бөлінеді.

Депрессияның классикалық белгілері: түсіңкі көңіл-күй аз қимылдау және ойлау қаблетінің бұзылуы.

Депресссия кезеңінде көңіл-күй тұрақты болмайды. Негізінен таңертең балалар жақсы көңіл-күйде болады, мектепке барғанды қалайды. Күн барысында көңіл-күй төмендеп, кешке қарай мүлдем төмендейді. Балалар ештеңеге қызығушылық танытпайды, олардың басы ауырады, кейде дене қызуы пайда болады. Балалар өзін жаман сезінетініне мектепте үнемі қиындықтарға кездесетініне және оқушылармен мұғалімдермен келіспеушіліктерінің болатынына шағымданады. Олар ешнәрсеге қуанбайды, барлық жағдайда тек жамандық ғана көреді.

Төмен көңіл-күймен қатар кейде өте көтеріңкі көңіл-күй ұшқындары пайда болып тұрады. Балалар қалжыңдайды, күледі, алайда мұндай көңіл-күй ұзаққа созылмайды (бірнеше минуттан бір сағатқа дейін), қайтадан түсіңкі көңіл-күйге ұласады.

Қимылдың аз болуы, негізінен балалардың қозғалғысы келмеуінен туындайды, олар үнемі жата береді немесе бір қалыпта, көбінесе, бүкшиіп отыра береді. Еңбекке олар мүлдем қызықпайды.

Балалардың ойлау қабілеті баяулаған ақырын сөйлейді. Сұрақ қойған кезде кідіріп барып тіл қатады және бір сөзбен ғана немесе бас изеп ғана, көбінесе, жауап береді. Бір ойға ғана, көбінесе, жағымсыз ойға тіреліп қалу байқалады: мені ешкім жақсы көрмейді, менің жағдайым жаман, менің қолымнан ешнәрсе келмейді, барлық адамдар маған жамандық жасауға тырысады.

Балалардың тәбеті төмендейді, олар тамақтан бас тартады, кейде бірнеше күн тамақ ішпейді. Аз ұйықтайды, ұйқысы келмейді, өйткені бір ғана ойға тірелу ұйқыға кедергі жасайды. Ұйқысы тұрақты емес, мазасыз, сондықтан олардың ағзасы толық демала алмайды.

Өзіне өзі қол жұмсау туралы ойлар аяқ астынан күрт пайда болмайды, ол үшін депресссиямен ұзақ уақыт (бір жылдан астам) ауру қажет еткені байқалады. Өзін-өзі өлтіру ойы ғана емес, балаларды өмірден кетудің жолын іздеп, іс-қимыл жоспарын құру ойы мазалай бастайды.

Депресссия ауруының бұл үлгісі өте қауіпті болып табылады, өйткені өліммен аяқталуы мүмкін.

Психоэмоциялық бұзылыстар салдарынан балалар мектепте үлгерімі бойынша артта қалып, көңіл-көтеретін ойын-сауықтарға қызықпайды, көп уақытын бөлген хоббиін да қалдырады.

Ата-аналар қандай нәрсеге көңіл бөлуі тиіс?

Ең бастысы баламен сөйлесу қажет, оның өміріне, мектептегі мәселелеріне қызығушылық таныту абзал. Баланың сөйлеу интонациясына назар салып, оның болашаққа қандай жоспары бар екенін, өмірге көзқарасы қандай екенін сұрау қажет. Баланың достарына көңіл қойып, оның мектептен кейін уақытта немен шұғылданатынына қызығушылық білдіру қажат. Баланың ештеңе істемей, еш нәрсемен шұғылданбаған уақытын бақылау керек. Кейбір балалар жалқаулықтан ештеңе істегісі келмейді, алайда ең жалқау деген баланы алдап, әлденеге баулуға болады, ал депресссиядағы баланы ештеңе қызықтырмайды, ол сыйлықтарға алданбайды.

Диагнозды нақтылау үшін психологтың немесе психиатрдың көмегі қажет. Мектептерде психолог болуы керек, олар балаларды бақылауы тиіс және қажет болған кезде оған балалар кеңес алу үшін жүгіне алатындай қолжетімді болу қажет. Сонымен қатар депресссияға бейім топтағы балалар психологқа барып тұруы тиіс. Бұл жағдайдың ушығуының алдын алады және бала өз күшімен жеңе алу қаблетіне үйрету жұмыстары жүргізіледі.

Аурудың жеңіл түрлері кезеңінде, суцидтік ойларға көп назар аударса, өмірден кетудің жоспарын құрса, ол кезде стационарда емделу қажет.

Алайда отбасында жағымды өзгерістер болмаса, балалар депрессиясы толығымен емделе қоймайды. Ата-аналар баланың дәл өзін қабылдауы тиіс, оның қолдауын және мақсаттарын құрметтеуі керек. Өз үмітімен «армандаған баланы» көздемей, «шын баланы» қабыл алуы қажет. Психотерапия кезінде балалардың өзіне сенімін нығайту, өз сезімі көрсете алу қаблетін дамыту, өз сезімімен бөлісіп, мақсатқа жету үшін қиындықтарды жеңе білу керек.

Балалардағы депресссияның алдын алу үшін мектепте психологиялық көмек ұйымдастырылуы керек және балаларға қиын жағдайда психологқа жүгіну қажеттілігін түсіндіру керек. Отбасындағы климатты жақсарту керек, отбасымен бірге ортақ іспен айналысу қажет (көкке шығу, пикник жасау, спорт ойындарымен шұғылдану). Баланың өміріне қызығушылық танытып, оның істері Сіз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсету керек. Баланың достарын білуге тырысыңыз, алайда, мұны талап ету арқылы емес, баламен әңгімелесу арқылы, баланың өзі айтып беруі жолымен білу қажет. Өз құпияларымен бөлісіп, кеңес алатын әңгімеші адамды табады.

Баланың әрекетіне көңіл бөліп, оның барлық жаңа қызығушылықтарын байқаңыз. Бала дұрыс және толыққанды тамақтануы, жақсы ұйықтауы тиіс, соны бақылаңыз. Бала таза ауада жиі болып, түскі уақытта белсенді демалып, түнде толық қараңғы бөлмеде ұйықтауы керек. Бұл өз кезегінде бала ағзасына оңды әсер етіп, оның биоритмдерін қалпына келтіреді.

Бала депресссиялық қалыптан өз күшімен шыға алмайды, сондықтан ата-аналар да бала тұлғасында өзгерістерге уақытында назар аударып, тиісті мамандар көмегіне жүгінуі қажет. Баланың дені толық сау болуы үшін психикалық денсаулыққа да көңіл бөлген жөн. Мансап жолымен өсуге, әлеуметтік мәртебені жоғарылатуға тырысу жолында біз, кейде, өз жақындарымызға көңіл аударуды ұмытып кетеміз. Ондай болса, жанжағымызға қарап, «Кел, сөйлесейік!» деген қарапайым сөзді айта білуді ұмытпайық!

«Ана мен бала орталығы» учаскелік педиатрлық қызметтің психологы Н. Қ. Қайрханова